Новости KZ

Ondeu Expo 2024 – Қазақстанның басты индустриялық көрмесі қайтадан нарықтың ірі ойыншыларын бір алаңда біріктіреді

2024 жылғы 24 – 26 сәуір аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында мынадай төрт маңызды көрмені біріктіретін ауқымды іс-шара өтеді: Ondeu EXPO өңдеу өнеркәсібінің IV халықаралық көрмесі, Kazakhstan Machinery Fair машина жасау және металл өңдеу бойынша V халықаралық мамандандырылған көрмесі, Su

Arnasy – Water Expo су индустриясының XIII халықаралық мамандандырылған көрмесі мен конференциясы, Chem Tech Kazakhstan химия өнеркәсібі бойынша III халықаралық мамандандырылған көрмесі мен конференциясы.

Биыл келушілерді ауқымды экспозиция және ұсынылатын жабдықтар мен технологиялар экспонаттарының рекордтық саны күтіп тұр. Көрменің жалпы алаңы өткен жылдың көрсеткіштерінен 23%-ға асып түседі. Көрме әлемнің 18 елінен 250-ден астам компанияны жинады және машина жасау мен металл өңдеу, су индустриясы мен химия өнеркәсібі саласындағы ең жаңа шешімдерді ұсынады. Қатысушылардың арасында Jinan Bodor CNC Machine Co., Ltd, WELDING COMPANY, РАЙД ФИРМАСЫ, Norgau Central Asia, WELDEXPERT (ВЕЛДЭКСПЕРТ), «КАМИ» компаниялар тобы, IntechSol, Накал – Өнеркәсіптік пештер, SVYDIS ASTANA, Sewon-Vertex Heavy Industry, Ресурс плюс, KazTechInstrument, COLLA SIA, ВИРАЖ, ҚазАзот, Қазмырыш, HERRENKNECHT AG, ANDRITZ, Оралагрожөндеумаш, «АРЫСТАН» СҚЗ» СҮ, КАМАЗ-Инжиниринг, KARLSKRONA LC AB, Maker, SMW-Autoblok, Morn Laser, FICEP, HERMLE WWE AG, Jinan Xintian Technology Co.,Ltd, LASCO Umformtechnik GmbH, Durmazlar Makina, OPEN MIND Technologies AG сияқты және басқа да көптеген компаниялар бар.

Kazakhstan Machinery Fair – Қазақстан мен Орталық Азиядағы машина жасау және металл өңдеу саласындағы басты көрме. Іс-шараға дәстүрлі түрде жаңа жабдықтарды өндірушілердің, берушілер мен тұтынушылардың, машина жасау саласындағы жетекші компаниялардың, мемлекеттік сектор мен бейінді бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің кең тобы келеді. Көрмеге қатысушылар металл өңдеуге арналған жабдықтарды, пісіру жабдықтары мен материалдарын, үстеме технологияларды, өнеркәсіптік 3D-басып шығару мен роботтехникасын қоса алғанда, машина жасау және металл өңдеу саласындағы ең жаңа шешімдерді ұсынады.

Su Arnasy - Water Expo – бұл Қазақстан мен Орталық Азияның су индустриясы саласында жұмыс істейтін жетекші компаниялардың, сарапшылар мен кәсіпқой мамандардың басын қосатын бірегей оқиға. Дәстүрлі түрде қазақстандық және халықаралық компаниялар суды тазартуға, сумен жабдықтауға және су ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты инновациялық технологияларды, өнімдер мен шешімдерді ұсынады. Көрмеге сумен жабдықтау және су бұру технологияларына маманданған кәсіпорындардың басшылары, инженерлер мен технологтер, шағын және орта бизнестің, мемлекеттік органдардың өкілдері және салалық қауымдастықтар қатысады. Көрме, тұтастай алғанда, су индустриясын қолдау мен дамытуға арналған платформа, сондай-ақ өзекті проблемаларды талқылауға және саладағы сарапшылардан құнды білім алуға арналған диалог алаңы болып табылады.

Chem Tech Kazakhstan – бұл химия өнеркәсібіне, сондай-ақ осы салаға байланысты технологиялар мен жабдықтарға арналған халықаралық көрме. Жыл сайын қазақстандық және халықаралық компаниялар химия өнеркәсібін дамытуға байланысты инновациялық технологияларды, өнімдер мен шешімдерді ұсынады. Көрмеге химия өнеркәсібінің технологияларына маманданған кәсіпорындардың басшылары, шағын және орта бизнестің, мемлекеттік органдардың өкілдері және салалық қауымдастықтар қатысады. Іс-шара жаңа іскерлік байланыстар мен серіктестіктерді орнату үшін бірегей ортаны құрады, бұл клиенттер базасын кеңейтуге және жаңа нарықтық мүмкіндіктерді іздеуге ықпал етеді.

Іскерлік бағдарлама

Іс-шараның іскерлік платформасында 30-дан астам спикер мен сарапшы сөз сөйлейді. Көрменің бағдарламасы ағымдағы сын-қатерлерге бейімделген және саланы қолдау мен дамытуға бағытталған бірқатар негізгі іс-шараларды қамтиды. Іскерлік бағдарламаның аясында:

1) «Өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған заманауи лазерлік технологиялар» атты конференция (ұйымдастырушы – «ИРЭ-ПОЛЮС» ҒТБ).

2) «Жаңа буын Қауіпсіздікті таңдайды. Елдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында пісіру және кесу саласындағы заманауи шешімдер» атты пісіру технологиялары бойынша дөңгелек үстел (қоса ұйымдастырушы – ESAB компаниясы).

3) Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытудың проблемалық мәселелері мен перспективалары жөніндегі республикалық кеңес.

4) Машина жасау саласы үшін кадрларды даярлау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтеді.

Көрмені ұйымдастырушы – Astana Expo. Компания жыл сайын әртүрлі салаларда – машина жасау және өңдеу өнеркәсібі, ғимараттардың қауіпсіздігі және оларды автоматтандыру, құрылыс және дизайн, флористика және гүл өсіру және т.б. салаларда 10-нан астам халықаралық іс-шараны өткізеді. Компания UFI Дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының қазіргі мүшесі болып табылады.

Бас ақпараттық серіктес – Курсив Медиа.

Көрмеге келу және PR мәселелері бойынша:

Әйгерім Меңдібаева

Маркетинг және PR жөніндегі менеджер

Т: +7 7172 64 23 23 (ішкі 203)

М: + 7 747 014 26 08

E: ma@astana-expo.com