Новости KZ

Ondeu Expo көрмесіне белсенді тіркелу жүріп жатыр

2023 жылдың 10-12 мамыр аралығында Астана қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығында Қазақстанның басты индустриялық оқиғасы - Ondeu Expo өңдеу өнеркәсібінің Халықаралық көрмесі өтеді.

Көрме әлемнің 18 елінен келген 300 экспоненттің басты тұғырнамасына айналады.

Қазақстандық және халықаралық компаниялар машина жасау, металл өңдеу, ауыл шаруашылығы, коммерциялық және арнайы техника, химия өнеркәсібі, су индустриясы, тау-кен металлургия кешені, құрылыс индустриясы, инженерлік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т. б. өңдеу өнеркәсібінің жаңа жабдықтары мен технологияларын ұсынады.

Сонымен қатар, көрме экспозициясын түрлі іс-шараға бай іскерлік бағдарлама толықтырады. Үш күн бойы Kazakhstan Industry Week алаңында:

  • Субконтрактілер биржасы
  • «Қазақстанның химия өнеркәсібі. Даму болашағы» Конференциясы
  • Қалалардың тұрғын үй-коммуналдық секторы мен инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту мәселелері жөніндегі Конференциясы
  • Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытудың мәселелері мен перспективалары жөніндегі Республикалық Кеңес
  • «Өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау» сессиясы өтеді.

Іскерлік бағдарламаның басты оқиғасы - машина жасау саласының өзекті мәселелерін жүйелі шешу үшін басты диалог алаңы болып табылатын Қазақстан машина жасаушыларының XI Форумы өтеді.

Алдын ала есептеулер бойынша, іс-шараға 3000-нан астам бірегей келушілер, оның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары, өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін тұтынушылары, инженерлер мен технологтар, шағын және орта бизнес, мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтар келеді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан машина жасаушылар Одағы және «Астана-Экспо КС» Көрме компаниясы ұйымдастырады.

Kazakhstan Industry Week көрмесіне кіру тек бейдж/QR-кодты көрсеткен кезде ғана мүмкін болады. Оны онлайн-тіркеу кезінде KIW_PROMO промокодын енгізу арқылы тегін алуға болады.

Тіркеу осы сілтеме бойынша өтеді.