Новости KZ

Astana-Expo командасы Чехияның Брно қаласындағы International Engineering Fair MSV көрмесінде болып қайтты

ONDEU EXPO өңдеу өнеркәсібінің халықаралық көрмесіне дайындық аясында Astana-Expo өкілдері 10 – 13 қазан аралығында Чехияның Брно қаласында өткен International Engineering Fair MSV 64-ші Халықаралық Инженерлік Көрмесіне барып қайтты.

Іс-шараға Чехиядан және басқа да елдерден 800-ден астам қатысушы келіп, машина жасау, білдек жасау, аддитивті технологиялар және өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы соңғы жетістіктерін көрсетті.
Ерлан Есімов, ONDEY EXPO басшысы, жетекші компаниялармен және әлеуетті серіктестермен бірқатар сындарлы кездесулер өткізді. Қазақстанда өтетін көрмеге еуропалық брендтердің жоғары қызығушылығын атап өткен жөн.
Естеріңізге сала кетейік, ONDEU EXPO өңдеу өнеркәсібінің халықаралық көрмесі мен Kazakhstan Machinery Fair машина жасау және металл өңдеу бойынша халықаралық көрмесі 24 – 26 сәуір аралығында Астанадағы «EXPO» ХКО-да өтеді.