Күн тәртібінде Қазақстан машина жасаушыларының IX форумы аясында өтетін «Kazakhstan Machinery Fair 2021» машина жасау және металл өңдеу бойынша алдағы көрме мәселелері талқыланды.
Е.Қ. Маканов бұл шараның барлық машина жасаушылар үшін маңыздылығының бар екенін атап өтті.
П.И. Беклемишев Форумның ел үшін өте үлкен және маңызды сала үшін жалғыз іс-шара екенін баса айтып, онда машина жасаушылар өзекті мәселелері туралы айтып қана қоймай, оларды мемлекеттік органдардың өкілдері де тыңдай алады.
Сондай-ақ ол форум аясында «Kazakhstan Machinery Fair 2021» халықаралық машина жасау және металл өңдеу мамандандырылған көрмесі өтетінін еске салды.
Кездесу барысында Маканов Е.Қ. «WorldSkills» форумы аясында (дәнекерлеу технологиясы және СББ станоктарын қосу мамандықтары бойынша) республикалық чемпионатын өткізу жоспарланып отырғанын айтып кетті.
Кейін «Астана Экспо КС» көрме компаниясы» ЖШС-ның атқарушы директоры Канапьянов Қуаныш Көрмеге дайындық барысына тоқталып, көрмеге қатысу үшін +7 701 532 91 90 нөміріне немесе nt@astana-expo.com электронды поштаға хабарласуға болатынын еске салды.
Жиынға қатысушылар Форум мен Көрмені өткізу жөнінде пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салып, өңірлерде бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті.
Қазақстанның машина жасаушылар одағы қатысушыларға өнімді жұмыс атмосферасы үшін алғыс білдіреді.