Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге Германия, Ұлыбритания, Жапония, Үндістан, Канада және басқа да елдерден 23 ірі шетелдік делегация мен 450-ге жуық шетелдік қонақтар қатысты. «Иннопром» бизнес бағдарламасы аясында 150-ден астам іс-шара өткізілді.
Экспозицияға жалпы ауданы 40 мың шаршы метрді құрайтын 500 компания мен 11 ұлттық экспозиция ұсынылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық стенді аясында 18 компания өз өнімдерін көрсетті, оның ішінде: «Allageum Electric» АҚ, «Aselsan Engineering» ЖШС, «Тараз химиялық паркі» АЭА, «Қайнар-АКБ» ЖШС, «ЕвроХимҚаратау» ЖШС, «MEGA» ЖШС SMART», АҚ «Тыныс», ЖШС KARLSKRONA LC AB, «С.М. Киров атындағы Зауыт» АҚ, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Faceplate» ЖШС, «Микрохим» ЖШС, «Бакарасов Концерн» ЖШС, Баубеков Қажымұрат, «ЕвразКабель» АҚ. Экспозицияға «KazMinerals компаниялар тобы, Қазақстандық автомобиль бизнесі қауымдастығы (ҚАБҚ) және «KazZinc» ЖШС демеушілік жасады.
Қазақстанның ұлттық экспозициясының көрме операторы – 2021 жылғы 22–24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қазақстандық өңдеуші өнеркәсіп апталығының ұйымдастырушысы болып «Астана-Экспо КС» көрме кешені табылады.