Новости KZ

Kazakhstan Industry Week | Kazakhstan Machinery Fair 2022: Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі және машина жасау саласындағы жетекші көрмелерде әлемнің 17 елінен 240-тан астам компания қатысады

Kazakhstan Industry Week және Kazakhstan Machinery Fair көрмелерінде Қазақстан, Австрия, Беларусь, Германия, Дания, Израиль, Испания, Италия, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея және Иран cияқты әлемнің 17 елінен 242 компания қатысады. Экспозицияның жалпы ауданы 10.000 ш. м. құрайды.

Ресми ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Павел Утюпин және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Сауда өкілі Андрей Бабко қатысты.


Қазақстандық және халықаралық компаниялар өңдеу өнеркәсібінің, машина жасау мен металл өңдеудің жаңа жабдықтары мен технологияларын, сондай-ақ, дайын отандық және шетелдік өнімдерді келесі тақырыптық бөлімдер бойынша көрсетеді:
●      Машина жасау кәсіпорындарының өнімдері
●      Металл өңдеуге арналған станоктар мен жабдықтар
●      Дәнекерлеу жабдықтар мен материалдар
●      Робототехника және автоматтандыру, инжиниринг
●      Аддитивті технологиялар, өнеркәсіптік 3D принтерлер
●      Тау-кен металлургия кешені
●      Химия өнеркәсібі
●      Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп
●      Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі
●      Су өнеркәсібі
●      Құрылыс индустриясы
●      Жеңіл өнеркәсіп.

Қазақстаннан келгенкөрме қатысушыларының үлесі 50%-дан асты. Олардың ішінде жетекші отандық компаниялар: ААМЖЗ, КЕЛЕТ, KARLSKRONA, Welding Company, Қазақстан Инжиниринг, АгромашХолдинг KZ, QAZTEHNA, Вираж, КазАзот, Aluminium of Kazakhstan және т.б. бар.


Сонымен қатар, экспозицияның маңызды бөлігінде 60-тан астам ресейлік өндірушілер мен жеткізушілердің құрал-жабдықтары көрсетіледі. Ұжымдық стендтер ішінде Ресей Федерациясының Пермь, Пенза, Калуга облысының және Башқұртстан Республикасының кәсіпорындары өз өнімдерін көрсетеді.

Көрмеге қатысушылардың арасында: MAIB Turkish Machinery, ALEMTRADE, Грундфос Казахстан, Униматик, БЕЛОРГСТАНКИНПРОМ, Sewon-Vertex Heavy Industry, ALFLETH Engineering Ltd, HERMLE WWE AG, Zeinet&SSE, Eurasia Special Machines және басқалары бар.

Көрме экспозициясы іскерлік бағдарламаның іс-шараларымен толықтырылады.


«QazIndustry» Қазақстанның индустрия және экспорт орталығы V субконтракт биржасын және «Өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы» сессиясын ұйымдастырады.

«CLEAN INDUSTRY SOLUTIONS» конференциясы нарықтағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылау үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарына тазалық қызметін көрсететін компаниялардың өкілдерін жинайды. Ұйымдастырушы: «QAZPROPERTY» басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығы.

«ChemTech Kazakhstan» бөлімі аясында «Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамытудың жаңа мүмкіндіктері мен болашағы» (ұйымдастырушы: ҚАЗХИМИЯ химия өнеркәсібі қауымдастығы) және «Химия саласы: мәселелер мен шешімдер» (ұйымдастырушы: «Қазақстан химия өнеркәсібі одағы») конференциялары өтеді.

Пермь өлкесінің экономикалық даму және инвестициялар министрлігі мен экспортты қолдау орталығы «Пермь өлкесі кәсіпорындарының Қазақстан Республикасымен өзара ынтымақтастығы: кедергілер, мүмкіндіктер, болащақ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырады.

Көрмені ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан машина жасаушылар Одағы және «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы.

Қосымша ақпарат алу үшін:
Сембай Дарина
Маркетинг және PR менеджері
Тел: +7 7172 64 23 23 (вн. 203)
Email: sd@astana-expo.com