Новости KZ

ӨНЕРКӘСІПТІК ДАМУ ОРТАЛЫҒЫ: АСТАНАДА ҮШ НЕГІЗГІ САЛАЛЫҚ КӨРМЕ БАСТАЛДЫ

Астана, 2025 жылғы 23-25 сәуір – «EXPO» халықаралық көрме орталығы қайтадан кәсіби қоғамдастық үшін тартылыс нүктесіне айналды. Мұнда бірден саланың негізгі ойыншыларын біріктірген үш ауқымды өндірістік іс-шара басталды:

  • Машина жасау мен металл өңдеудің Kazakhstan Machinery Fair VI халықаралық мамандандырылған көрмесі
  • Су индустриясының SU ARNASY – Water Expo XIV халықаралық мамандандырылған көрмесі
  • ONDEU EXPO V халықаралық өңдеу өнеркәсібі көрмесі

10 000 м² астам ауданда 22 елден машина жасау, металл өңдеу, сумен жабдықтау, өндірістерді автоматтандыру және инженерлік жаңғырту үшін шешімдердің кең спектрін ұсынатын 290-нан астам компания жиналды.

Көрмелердің ресми ашылуы 23 сәуірде сағат 10:00-де өтті. Рәсімге:

  • Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Нағаспаев Ерсайын Қайырғазыұлы,
  • Чехия Республикасының Өнеркәсіп және сауда вице-министрі Мартин Фржелик,
  • Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Пішембаев Мейрам Құдайбергенұлы,
  • Leipziger Messe International (Германия) бас директоры Маркус Гайзенбергер,
  • Astana Expo компаниясының атқарушы директоры Қанапьянов Қуаныш Сәкенұлы қатысты.

Kazakhstan Machinery Fair: Жаңа буын технологиялары

Kazakhstan Machinery Fair Орталық Азиядағы ең ірі салалық оқиғаның мәртебесін тағы да растайды. Экспозицияда:

  • металл өңдеуге және кесуге арналған білдектер мен жабдықтар;
  • дәнекерлеу жүйелері мен жиынтықтаушылары;
  • индустриялық автоматтандыру және робототехника;
  • құралдар, компоненттер жәнеөндірістехнологияларыұсынылды.

Қатысушылар арасында – Hyundai WIA, CHIRON Group SE, KAMAZ, QazTehna, Bodor, XT Laser, Robentex, ISCAR Kazakhstan, Zoller, KAPP NILES, IGM Robotersysteme, Guhring, WeldExpert, SMWAutoblok, Linsinger Maschinenbau және басқалар.

ONDEU EXPO: Өңдеу өнеркәсібі басты назарда

ONDEU EXPO өңдеу секторына арналған шешімдер мен жабдықтарды жеткізушілерді біріктіреді: металлургия, машина жасау, аспап жасау, құрылыс және химия материалдарының өндірісі, агроөнеркәсіптік кешен. Компаниялар отандық өнеркәсіптің өнімділігін, орнықтылығын және технологиялық тәуелсіздігін арттыруға бағытталған әзірлемелерді ұсынады.

SU ARNASY – Water Expo: Тұрақты болашаққа арналған шешімдер

SU ARNASY – Water Expo — Қазақстандағы су индустриясындағы озық шешімдерге арналған жалғыз мамандандырылған алаң. Тақырыптамасы:

  • сумен жабдықтауды және су бұруды;
  • ағынды суларды тазартуды;
  • ТКШ жаңғыртуды;
  • су ресурстарын цифрландыруды және SCADA жүйелерін;
  • сорғы жабдықтарын және сүзуді қамтиды.

Қатысушылар арасында – Vogelsang, ANDRITZ, CNP, ARC, QA-Plast, VodEcoFilter, Invest Continent, ETEK, SAS, Aquatoriya-Aktobe, ATE, Riza Global және басқалар.

Іскерлік бағдарламаның серіктесі – Қазақстан су қауымдастығы (KWA).

Халықаралық қатысу және кәсіби қоғамдастық

Германия, Түркия, Австрия, Италия және Қытайдан келген ұлттық экспозициялар үлкен назар аударады. Германия павильонында Саксония мен Тюрингия федералды жерлерінің ұжымдық стендтері, сондай-ақ әртүрлі салаларға арналған жоғары технологиялық шешімдері бар жетекші неміс компаниялары ұсынылған.

Көрмелерге мыңдаған мамандар: зауыт иелері, инженерлер, бөлшек және көтерме компаниялардың өкілдері, технологияларды жобалаушылар мен әзірлеушілер, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысады.

Іскерлік бағдарламаның негізгі іс-шаралары

Қазақстан машина жасаушыларының XII форумы
24-25 сәуір | Hilton Astana + «EXPO» ХКО
Өндірістерді мемлекеттік қолдау, оқшаулау, цифрландыру және инженерлік кадрларды даярлау стратегияларын талқылау.
Ұйымдастырушылары – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қазақстан машина жасаушылар одағы

Республикалық сумен жабдықтау және су бұру мәселелері жөніндегі кеңес
23 сәуір | «EXPO» ХКО
Басты назарда – Су кодексінің жаңа редакциясы, тарифтер мен ТКШ басқаруындағы цифрлық технологиялар.

«Сингапур – Қазақстан: Инженерлік шешімдер және ақылды қалалар» нетворкинг-сессиясы
23 сәуір | №1 келіссөздер бөлмесі
Сингапурдан келген 11 технологиялық компания орнықты даму және ақылды урбанистика саласындағы шешімдерді ұсынды.

Finder компаниясының техникалық конференциясы (Италия)
23 сәуір | №1 келіссөздер бөлмесі
Arduino және Codesys негізіндегі ПЛК, инженерлік және өндірістік автоматтандыру жүйелеріне арналған шешімдер тұсаукесері.

Ұйымдастыру және қолдау

Ұйымдастырушылар: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қазақстан машина жасаушылар одағы, Astana Expo

Тең ұйымдастырушы: Leipziger Messe International (Германия)

Ресми қолдау: «Атамекен» ҰКП, Астана қаласының әкімдігі, Visit Astana

Пайдалы ақпарат

Өтетін орны: «EXPO» халықаралық көрме орталығы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1, Астана қ.

Көрмелердің жұмыс уақыты:
23 сәуір: 09: 30-18: 00
24 сәуір: 09: 30-18: 00
25 сәуір: 09: 30-15: 30

Тіркелу және тегін билет:
www.kmfexpo.kz | www.waterexpo.kz

БАҚ пен қонақтарға арналған байланыстар:

Альбина Хамзина
Маркетинг және PR жөніндегі менеджер
+7 771 866 11 77
Email: ah@astana-expo.com
2025-04-21 16:19