"Қазцинк" қазақстандық компаниялармен әріптестікті тұрақты дамыту стратегиясын ұстана отырып, тауарлар мен қызметтерді жергілікті өнім берушілермен ынтымақтастық туралы уағдаласты.
Kazakhstan Industry Week – индустриялық-инновациялық дамуға, сауда байланыстарын нығайтуға көмектесетін елдегі басты өнеркәсіптік алаң. Іс-шараның негізгі мақсаттары: қазақстандық кәсіпорындардың технологиялық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ өңірлік және халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты кеңейту.
– Іс-шара барысында "Қазцинк" тау-кен өндірісін басқару мен қолдауға арналған жабдықтар мен бағдарламалық қамтылым өндірісіне маманданған "ROGR Electronics" ЖШС отандық тауар өндірушісімен 350 млн. теңге сомасына офтейк-келісімшарт жасасты, – деп атап өтті "Қазцинк" жер қойнауын пайдалану басқармасының бастығы Татьяна Иванова. – Офтейк-келісімшарт бұрғылау жұмыстарын басқарудың автоматтандырылған жүйелерін, автопарктің жайғасуын, қозғалысты бақылау және ЖЖМ-ды есепке алу жүйесін енгізуді, сервистік қызмет көрсетуді және техникалық қолдауды көздейді. Бұл отандық тау-кен металлургия секторының ғана емес, сонымен қатар, цифрлық саланың да белсенді дамуына мүмкіндік беретін үлкен қадам.

Іс-шара барысында қатысушылар үшін арнайы B2B-алаңдар ұйымдастырылды, онда бизнес өкілдері іскерлік ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
"Қазцинк" компаниясы ҚР шағын және орта бизнесін дамытудың өз бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы ғана әріптестік қатынастарды дамыту үшін көптеген қазақстандық компаниялармен кездесулер өткізді. Олардың арасында "Диас" тігін фабрикасы, Павлодар құбыр илемдеу зауыты, "Келет" АҚ, "Бірінші метбұйым компаниясы" ЖШС, "Ультрастаб-Қазақстан" ЖШС, "FGP Suppliers Group" ЖШС бар. Көптеген ұйымдармен қазірдің өзінде ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілген.