Ondeu Expo - бұл өңдеу өнеркәсіптің жаңа жабдықтары мен технологияларының өндірушілері, жеткізушілері мен тұтынушылары, мемлекеттік секторы және бейінді бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің басты кездесу орны.
Жыл сайын қазақстандық және халықаралық компаниялар машина жасау, металл өңдеу, ауыл шаруашылығы, коммерциялық және арнайы техника, химия өнеркәсібі, су индустриясы, тау-кен металлургия кешені, құрылыс индустриясы, инженерлік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т. б. өңдеу өнеркәсібінің жабдықтары мен технологияларының жаңалықтарын ұсынады.
Көрмеге өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары, өңдеу өнеркәсібі өнімдерін тұтынушылары, инженерлер мен технологтар, шағын және орта бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтар қатысады.
2022 жылы
Әлемнің 17 елінен келген 243 компания өңдеу өнеркәсібінің жаңа жабдықтары мен технологияларын ұсынды.
Көрмеге 3 470 кәсіби маман келді.
Қазақстан машина жасаушыларының X Мерейтойлық Форумын қоса алғанда, 37-ден астам іскерлік іс-шара өтті.